Accessibility links

Ә.Жақсыбеков: Қазақстан Еуроодаққа тең дәрежелі серіктес ретінде мүше болуды қалайды


Қазақстан болашақта Еуроодаққа мүше болуды қалайды, — деді РФ-дағы Қазақстанның елшісі Әділбек Жақсыбеков.

«Біз бірақ Эстония мен Латвия сияқты емес, тең дәрежелі серіктес ретінде мүшелікке кіргіміз келеді, бұл қазіргі биліктің тұсында болады демеймін. Және Қазақстанның мүшелікке кіруі Еуроодақты Еуразиялық одақ деп атандыратынын жоққа шығармаймын. Қазақстан қазір «Еуропаға жол» атты Еуропамен экономика, технология, мәдениет саласында тату көршілік қатынас орнату үшін 80 түрлі шара өткізуге бағытталған жобаны іске асыруда»,— деді елші.
XS
SM
MD
LG