Accessibility links

Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды


ҚР үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министр Кәрім Мәсімов бүгін таңертең бір күндік жұмыс сапарымен Қызылорда облысына ұшып шықты.

Жұмыс бағдарламасына сәйкес, түске дейін үкімет басшысы «Жібек жолы» каналының бас насос станциясында болады, одан кейін «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу және Сырдария өзенінің ағысын реттеу» жобасының жүзеге асуын талқылайтын кеңеске қатысады.

Ал түстен кейін «Қорасан 1» өндірістік кеніш кешенінің және Шиелі ауданындағы «Демеу-Шиелі» спорт кешенінің, сондай-ақ «Айналайын» балалар бақшасының ашылуына барып, одан кейін «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру» атты форум жұмысына қатысады.
XS
SM
MD
LG