ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы Ирак Елекеевтің хабарлауынша, Қазақстанда қайтарылмаған несиелер үлесі артып отыр.
«Қазіргі уақытта банктердің пайдасына қаржыларды өндіріп алу қиындап отыр, ал қайтарылмаған ақшалар үлесі өсе түсуде. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ғана сот орындаушыларына 58 миллиард теңге өндіріп алу туралы 27 мың құжат түскен. Несиенің қайтарылмауының бір себебі несиенің берілуіне дейінгі банк мамандарының тәуекелді дұрыс бағаламауы», — деді Ирак Елекеев.