Accessibility links

Ермұхамет Ертісбаев: Болат Әбілов біріккен оппозицияны басқара алады деп ойлаймын


ҚазТАГ-тың хабарлауынша, ҚР президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов біріккен оппозицияны басқара алады, бірақ ол үшін әуелі оппозициялық күштер бірігуі тиіс деп есептейді.

«Меніңше, Жармахан Тұяқбайдың айтқаны дұрыс, алдымен оларға бірігу керек, содан кейін ғана жетекшілікті сөз етуге болады. Егер Б. Әбіловті біріккен оппозицияның көшбасшысы ретінде таңдаса, ол басқара алады деп ойлаймын. Ал оның өз кандидатурасын президент сайлауына ұсыну туралы тілегіне келсек, демократиялық мемлекетте жасы 40-қа жеткен кез келген адамның ҚР президенттігіне сайлауға түсуге құқы бар», — деді Е. Ертісбаев.

Бұрын хабарлағанымыздай, «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов Қазақстандағы біріккен оппозицияға басшылық етуге дайын екендігін мәлімдеп, келесі сайлауда президенттік мандаттан да дәмелі екенін айтып: «мәселе президенттікке кандидатқа келіп тірелсе, мен оған да дайынмын. Саясатпен айналыса жүріп, президент болуға дайын емеспін деу дұрыс болмас еді», — деген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG