Accessibility links

Пәкістан ресмилерінің айтуынша, талибандықтар Буниер ауданынан шыға бастады


Олар Суат жазығындағы бекіністеріне оралуда. Талибан қолбасшысы Фазлулла талибандықтардың Суат жазығындағы бекіністеріне қайтуларына пәрмен берді деп бұдан бұрын талибандық өкіл хабарлаған болатын. Пәкістан үкіметі Суат жазығы мен оған жақын аймақта Шариғат заңдарын орнатуға ақпан айында келісімін берген еді. Алайда Талибан бұл келісімді шекарадағы Буниер ауданына қарай жылжу әрекеттеріне сылтау ретінде пайдалануда. Аталған аудан Исламабадтан 100 шақырым жерде.
XS
SM
MD
LG