«Үлкен жетілік» (G7) елдерінің қаржы министрлері мен бас банкирлері экономикалық құлдыраудың қарқыны бәсеңдегенін, бірақ экономиканың толық сауығуына әлі ертелеу екенін атап көрсетті.
Әлемнің өнеркәсібі ең дамыған елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктерінің төрағалары Вашингтондағы мәжілісінде экономикаға биылдың өзін де жан біте бастауы мүмкін деген пікірге келді. Сонымен бірге олар рецессияның жалғаса беру мүмкіндігін де теріске шығармады.