Accessibility links

Америкалық нәсілшіл Чехиядан қуылады


Чехия үкіметі Американың «Ку-Клукс-Клан» нәсілшілдер ұйымының бұрынғы көсемі Дэвид Дьюкті елден қуады.
Д.Дьюк «экстремизмді насихаттады» деген айыппен Прага қаласында жұма күні ұсталды. Ол Чехияда дәріс оқып, ресми биліктің мәліметі бойынша, Холокост қасыретін жоққа шығаратын өз кітабының чех тіліне аударылған нұсқасымен таныстыруды жоспарлаған көрінеді.
Чех полициясының хабарлауынша, сенбінің аяғына дейін Дэвид Дьюк Чехия шекарасынан кетуге тиіс.
Чехтардың «Право» газетіне берген сұхбатында Д.Дьюк өзін қудалауға «еврей экстремистері кінәлі» деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG