Accessibility links

Мексикада «доңыз тұмауының» эпидемиясы шықты


Мексикада адамға аса қауіпті доңыз тұмауының көп жайылуынан көз жұмғандардың саны 60-қа жетуі мүмкін.
Мексиканың денсаулық сақтау министрі Хосе Анхель Кордова хабарлағандай, 20 адамның нақ осы дерттен қайтыс болғаны расталды, бірақ осы дерттің белгісі бар тағы 40 өлім болды, олардың неден қаза болғаны анықталу үстінде.
АҚШ-та доңыз тұмауына 8 кісі шалдығып, бәрі де аман қалды. Калифорния мен Тексас штаттарының 9 тұрғыны да осы дертке ұшырады-ау деген күдік бар.
CNN телеарнасының хабарлауынша, Нью-Йорк қаласында доңыз тұмауының нышаны байқалған бір мектептің 75 оқушысы карантинге жатқызылды.
XS
SM
MD
LG