Accessibility links

Қазақ елшісі «Қазақстан ЕуроОдаққа ұмтылады» демеген


Ресейдегі ТМД елдері Институтының Орта Азия және Қазақстан бөлімінің меңгерушісі Андрей Грозин Қазақстанның Мәскеудегі елшісін сілтеп, Қазақстан Еуропа Одағына кіруге ұмтылады деген хабарды теріске шығарды. «Қазақстан бүгін» агенттігіне Грозин бұл бұрмаланып берілген хабар болды деп мәлімдеді.
Оның айтуына қарағанда, Қазақстанның «Еуропаға баратын жол» бағдарламасына арналған дөңгелік үстөлде қазақ елшісі Әділбек Жақсыбеков: «әйтеуір бір заманда, біздің ғұмырымызда емес, Ресей сияқты Қазақстан да ЕуроОдаққа кіруі мүмкін. Оны түпкілікті теріске шығаруға болмайды» деген көрінеді.
Ал Ресейдің РБК агенттігі «Қазақстан Еуропа Одағының мүшесі болуға ұмтылады» деп бұрмаланған ақпарат таратты.
XS
SM
MD
LG