Accessibility links

Қазақстанда «қаржы пирамидалары» пайда болды


Қазақстанда шағын несие беру ұйымдары атын жамылған қаржы пирамидалары жұмысқа кірісті.
Сенбі күні президенттің «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткізген баспасөз-маслихатында шағын несие беруші ұйымдар Ассоциациясының басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов осылай деп мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, бұқараның шағын несиеге деген мұқтаждығын пайдаланған қаржы пирамидалары кешірек несие беріледі деген желеумен халықтан бастапқы жарна жинау үстінде.
Мұндай пирамидалардың әрекеті бүкіл шағын несие беру саласының абыройын түсіреді, деп мәлімдеген Ш.Жүсіпов, -шағын несие беру ұйымдарының Ассоциациясы ондай әрекетке жол бермеуге мүдделі мемлекеттік мекемелерге кеңес беруге дайын екенін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG