Accessibility links

Ғалымдар жылқы қазақ даласында қолға үйретілгенін растады


Жылқы біздің эрамызға дейінгі 3-мыңжылдықта қолға үйретілген. Ол туралы Sciencedaily.com интернет-сайты хабарлайды. Германияның Лайпциг қаласындағы Зоологиялық институттың (Leibniz Institute for Zoo) генетиктері осындай қорытындыға келді. Ғалымдар көне дәуір мен орта ғасырдағы жылқылардан сақталған ДНК клеткаларын тиянақты зерттеген. Басты назар жылқы терісінің бояуына жауапты ядролық гендеріне бөлінген. Жылқы қолға үйретілген дәуірде жүргізілген саналы іріктеудің нәтижесінде жылқы терісінің баяуы көп түрлене бастаған көрінеді. Генетиктердің пікірінше, жылқылардың түрлі түске боянуы біздің эрамызға дейінгі 3-мыңжылдықта кең жайылған және бұл Қара теңіз бен Каспий теңізі жағалауындағы алқаптарды болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG