Accessibility links

ДДҰ-ы Мексикадағы «доңыз тұмауына» алаңдап отыр


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Мексикада ондаған адам көз жұмған «доңыз тұмауы» дертінің жайылуын алаңдатарлық жағдай деп бағалады.
Дүниежүзілік ұйымның сарапшылары адамнан адамға жұға бастаған «доңыз тұмауының» вирусына қарсы күресудің жолын ақылдасу үшін Женеваға жиналды. Олардың атап көрсетуінше, вирустың жаңа түрінің қалай тіршілік ететіні беймәлім. Осы дерттің пандемияға айналу қатері сақталып отыр.
Мексикада «доңыз тұмауынан» 20 шақты адам мерт болды. АҚШ-та да осы дертке шалдыққан оқиғалар тіркелді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG