АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон АҚШ-тың өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын бастан кешіп жатқан кезде Ирақты қолдай беретінін мәлімдеді. Мемлекеттік хатшы ретінде Хиллари ханым Ираққа алғаш рет күтпеген жерден ұшып келді. Оның атап көрсетуінше, өз әскерлерін бірте-бірте шығара бастағанымен Вашингтон Ирақты жан-жақты қолдай береді.
Х.Клинтон сонымен қатар Ирақта қантөгістің қайта өрши түсуін «экстремистер елдің дұрыс бағытқа қарай қозғала бастауынан сескенді» деп түсіндірді.
Мемлекеттік хатшының сапары қарсаңында болған екі террорлық қастандықтан Бағдад пен өзге де Ирақ қалаларында 150-ден астам халық қырылды.