Accessibility links

Х.Клинтон тағы да күтпеген жерден Ливанға келді


Жексенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон тағы да алдын-ала жарияланбаған сапармен Ливанға ұшып келді.
Ливан үкіметінің өкілі хабарлағандай, Хиллари ханым Ливан президенті Мишель Сулейманмен және елдің басқа да жетекшілерімен кездеседі. Оның барысында Ливанның маусым айына белгіленген парламент сайлауының алдындағы Ливанның саяси тағдыры талқыланады.
Саяси шолушылардың пікірлерінше, сайлауда исламшыл бітіспес «Хезболлаһ» тобы жеңіске жетіп, Ливанның «батысшыл» билігінің бағы таюы мүмкін.
XS
SM
MD
LG