Израиль бейбіт келіссөзге отыру үшін Сириядан ешбір алғы талап-шарт қоймауын талап етті. Израильдің сыртқы істер министрі Авигдор Либерман Сирияның Израильден Голан жотасын қайтарып беруді талап етуін қисынсыз деп сипаттады. Өз кезегінде Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак «Израильдің өмірлік маңызы бар мүдделерін» қорғау үшін Сириямен келіссөз жүргізу керектігін мәлімдеді.
Израильдің жаңа да ескі премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мамыр айында Вашингтонға барған сапары кезінде АҚШ президенті Барак Обамамен араб-еврей келіссөзінің стратегиясын талқылайды.
Израильдің жаңа да ескі премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мамыр айында Вашингтонға барған сапары кезінде АҚШ президенті Барак Обамамен араб-еврей келіссөзінің стратегиясын талқылайды.