Accessibility links

Associated Press:Эквадордың қазіргі президенті жаңа мерзімге сайланды


Ресми емес мәліметтер бойынша, Эквадордың қазіргі пезиденті Рафаэль Корреа дауыс берудің бірінші кезеңінде жаңа мерзімге сайланды, — деп хабарлайды Associated Press.

Елде президент сайлауы осы жылдың 26 сәуірінде болды. Үш тәуелсіз экзит-полдың сайлаушылардың 54%-дан көбі дауыс берді деген мәліметіне сүйенген Р.Корреа сайлау учаскелері жабылысымен өзінің жеңісін жария етті.

Оның қарсыласы Лусио Гутьеррес әзірше жеңілуді мойындаудан бас тартып, ресми қорытындыны күтетінін айтты.

Бұл елдің заңнамасына сәйкес, Эквадор президенттігіне кандидат ең кемі 50% және бір дауыс артық жинаса, бірінші кезеңде жеңіске жете алады. Егер сайлау қорытындысы Р.Корреаның шынымен осынша дауыс алғанын растаса, онда ол Эквадордың соңғы 30 жылдағы бірінші кезеңде жеңіске жеткен алғашқы президенті болады.
XS
SM
MD
LG