Accessibility links

Ирақ премьері АҚШ рейдін сынады


Ирақ премьер-министрі Нури әл-Малики АҚШ рейдін Вашингтонмен арадағы қауіпсіздік келісімін бұзатын «қылмыс» деп айыптады.

Жексенбі күні АҚШ әскерилері Ирақтың оңтүстігіндегі Кут қаласында рейд жүргізген болатын. Нәтижесінде бір әйел қаза тауып, шиит әскери фракцияларына қатысы бар деп күдіктелген 6 адам қамауға алынды. АҚШ жағы ешқандай келісім бұзылған жоқ, бұл әскери операция жөнінде Ирақ билігі алдын ала хабарланған болатын деп атап көрсетті. Ирақ ресмилері кейінірек әлгі 6 күдіктіні босатты. АҚШ әскерилері қаза болған әйелдің отбасына көңіл білдірді.
XS
SM
MD
LG