Accessibility links

Сенат Каспий газ құбырын салу туралы заң жобасын бекітті


Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы – Сенат Қазақстан мен Ресей және Түркменстан елдері арасындағы Каспий газ құбырын салу туралы заң жобасын бекітті. Аталған құжат енді президентке жолданды деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.

Осы жоба аяқталған кезде жыл сайын Түркменстан мен Қазақстанның шамамен 20 миллиард текше метр газы Ресей шекарасына жеткізілетін болады. Бұл туралы өткен аптада Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG