Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан Аралды құтқару жұмыстарын қысқартпайды


Дағдарысқа қарамастан Қазақстан Аралды құтқару жұмыстарын қысқартпайды, — деп мәлімдеді бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Өткен жылы Қазақстанда, Арал теңізінің солтүстігінде Сырдарияның арнасын реттеу жөніндегі жобаның бірінші кезеңі аяқталды, құны 86 млн долларды құрайтын бұл жобаға Әлемдік банк 64 млн доллар несие берді. Сырдарияда біз бірнеше жаңа гидротехникалық құрылғыларды салып, бөгетті реконструкцияладық. Бұл жұмыстар өзеннің өткізгіштік қабілетін арттырып, Аралды сумен қамтамасыз ету үшін жасалды. Таяу уақыттарда біз Сырдария өзенінің арнасын реттеу жобасының екінші кезеңіне кірісеміз. Бағдарламаның 8 құрамды бөлігі жүзеге асырылады, оның құны - 191 млн долларға тең. Соның ішінде Сарышығанақтағы құны 82 млн долларды құрайтын құрылғылар кешені бар », — деді Қазақстан президенті.
XS
SM
MD
LG