Бірнеше мыңдаған полиция бүгін Кабул қаласы көшелерін бақылауда. Ауған ресмилері, өткен жылғы президент Хамид Қарзай қатысқан парадқа шабуыл жасалғалы бері, бұқаралық жиындардың барлығын тоқтатқан болатын. Ол жолы президентке жақын тұрған 3 адам қаза болған еді. Бұл жолғы тәртіп сақшылығына 7300-дей полиция, әскерилер, құпия қызмет жасақтары және НАТО жасақтары жұмылдырылып отыр.