Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан және Қырғызстан президенттері Алматыдағы осы басқосуларында аймақта суды бөлісу мәселесін ақылдасуда. Оған қоса энергия қауіпсіздігі және Ауғанстандағы әскерлеріне жүк тасымалы үшін АҚШ-пен әріптестік орнату мәселелері талқылануда.