Армия мен шекаралық жасақтар Буниер ауданына енді. Шараға қырғи ұшақтар да пайдаланылуда. Ресмилердің айтуынша, шабуыл барысында 75 қарулы, сондай-ақ қауіпсіздік күштерінің 10 адамы қаза болған. Жергілікті билік, Буниерге әскер енбес бұрын, белгісіз мерзімге дейін коменданттық сағат енгізді.