Accessibility links

Алматыда 192 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды


Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2008-2010 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаға қатысқан 192 адамға жаңа пәтердің кілтін тапсырды, — деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Бұл пәтерлер Жетісу ауданының «Көкжиек» мөлтек ауданындағы екі жаңа үйде орналасқан. Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алған 111 отбасы мемлекеттік мекемелерде еңбек етсе, 39 отбасы жас жанұя, 42-сі мемлекеттік қызметкерлердің отбасы.

Құрылысы 2008 жылы басталған «Көкжиек» мөлтек ауданында барлығы 62 үй (2232 пәтер, 128,2 мың шаршы метр) жоспарланған. Мұнда қазіргі кезде емхана, жалпы білім беретін мектеп, балабақша және сауықтыру кешені салынуда.
XS
SM
MD
LG