Accessibility links

Ақмола облысындағы алтын алу фабрикасының құрылысын 2010 жылы аяқтау жоспарлануда


2010 жылдың басында «Қазмырыш» АҚ Ақмола облысындағы Васильковск кен байыту комбинатының базасында салынып жатқан алтын алу фабрикасының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, — деп хабарлады облыс әкімі Альберт Рау.

Васильковск кен байыту комбинаты президентінің кеңесшісі Роман Козловскийдің мәліметінше, алтын алу фабрикасының құрылысын қаржыландыру 500 миллион доллардан аса көлемдегі қаржыны талап етеді.

«Жобаны қаржыландырушы — «Қазмырыш» АҚ. Әзірге жоба жұмысы тоқтаусыз жүріп жатыр, осы жылдың соңы мен келесі жылдың басында құрылыс жұмысын аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді Р.Козловский.
XS
SM
MD
LG