Accessibility links

ҚР үкіметі доңыз тұмауының алдын алу үшін жұмыс тобын құрмақ


ҚР үкіметінің жанынан Қазақстан аумағына доңыз тұмауының таралып кетуінің алдын алу жөніндегі жұмыс тобын құрылады, — деп мәлім етті премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысы бүгін өткен селекторлық жиында ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке тапсырма беріп: "Мен еліміздің денсаулық сақтау министріне Қазақстан аумағына доңыз тұмауына тосқауыл қоюға қажетті барлық шараларды қолдануды тапсырамын. Бұл індет әлемге тарала бастағандықтан, онымен күрес деңгейін көтеру қажет. Мен өзіңіз басқарған жұмыс тобын құруды және ертең өтетін үкіметтің отырысында қандай шаралардың қолға алынғанын баяндауды тапсырамын», — деді.
XS
SM
MD
LG