Accessibility links

Мәжіліс интернетке қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады


ҚР Парламент мәжілісі «Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық желілері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағындағы ақпаратты таратуға қатысты реттеу жұмыстарын жетілдіру. Заң жобасының авторы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік.

Енгізілген түзетулерде веб-сайт, чат, форум, блог, интернет-дүкен, электронды кітапхана сияқты интернет-ресурстардың барлығын бұқаралық ақпарат құралдарына теңестіру, сондай-ақ оларды дәстүрлі БАҚ-тарға берілетін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылады.
XS
SM
MD
LG