Accessibility links

Германия сыртқы істер министрі Кабулға барды


Германия сыртқы істер министрі Франк Уолтер Штайнмайер Ауған ресмилерімен келіссөз өткізу үшін Кабулға барды.
Оның мекемесі таратқан хабарламаға қарағанда, министр Штайнмайер екі күндік сапарында Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен, ауғандық сыртқы және ішкі істер министрлерімен және Ауғанстандағы халықаралық ұйым өкілдерімен кездеспекші.
Ауғанстанның солтүстігінде Германияның 3750 жасағы бар.
Штайнмайердің сапары сәуірдің 6-да Ауғанстанға барған Германия канцлері Ангела Меркельдің сапарынан кейін болып отыр. Меркель ол сапарында германиялық күштердің базасы орналасқан Ауғанстанның солтүстігіне ғана барып, Кабулға соқпай кеткен еді.
XS
SM
MD
LG