Accessibility links

Тимошенко Мәскеуде Путинмен кездесті


Бүгін Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко энергетикалық мәселелер жөнінде Ресей премьер-министрі Владимир Путинмен кездесті. Тимошенко Ресейдің Украинаға берілетін табиғи газының бағасын азайтуды қарастырды.
Ассошейтед пресс агентігінің хабарлауынша, Мәскеудегі бұл ашық келіссөздерде Тимошенко газ жеткізуге қатысты түсіністік үшін Путинге алғысын жеткізген.
Бағаның түсуі - Украинаға қаржылық дағдарыс кезінде миллиардтаған долларды үнемдеуге көмектеспек.
XS
SM
MD
LG