Египеттің мұнай министрі ҚР-дағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға египеттік мұнай-газ компанияларының қатысу мүмкіндіктерін қарастыру үшін таяуда Қазақстанға келуге дайын. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ –ның вице-президенті К.Ібрашевтің Египет Араб Республикасының мұнай министрі Самих Фахмимен кездесуінде сөз болды.
Египет Араб Республикасының мұнай министрі өз жағының мұнай-газ саласында екіжақты ынтымақтастықты жақсартуға ниеттілігін айтты. Ол Египет энергетикалық кешенінің дамуына Қазақстан мұнай-газ компанияларының қатысуына тілек білдірді.