Accessibility links

Астанада Азиядағы этномәдени бірлестіктердің форумы өтеді


1 мамыр күні Астана қаласында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан халықтары ассамблеясы бірлесіп, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне (АӨІСШК) мүше елдері этномәдени бірлестіктерінің форумын өткізеді.

Қазақстан халықтары достығы фестивалінің аясында өткізілмек шараның мақсаты — АӨІСШК елдері арасында эномәдени саясат мәселесі жөнінде тәжірибе алмастыру. Форум жұмысына АӨІСШК елдерінің 19 өкілі қатысады деп жоспарлануда.

Форум аясында «Азиядағы мәдениетаралық диалогты дамыту» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес 1992 жылы ҚР президентінің бастамасымен құрылған. Қазіргі уақытта 20 мемлекет мүше болып отырған бұл кеңестің 2010 жылға дейінгі төрағасы Қазақстан Республикасы.
XS
SM
MD
LG