Accessibility links

Ресей Грузияның екі жікшіл аймағының шекарасын қорғамақ


Ресей Грузияның екі жікшіл аймағымен арадағы келісімдерге қол қойды. Оған сәйкес, Абхазия және Оңтүстік Осетияның Грузиямен арадағы шекараларын қорғауға қатысты жауапкершілік Ресейге жүктеліп отыр. Осы құжаттарға Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Абхазия жетекшісі Сергей Багапш және Оңтүстік Осетия басшысы Эдуард Кокойты бейсенбі күні Кремлде қол қойды.

Өткен жылы Грузиямен арада орын алған соғыстан кейін Мәскеу Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз мемлекеттер деп мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG