Accessibility links

БТА акционерлері үкіметті сотқа берді


БТА банкінің акционерлері Қазақстан үкіметін сотқа берді. Шығынға батқан акционерлер үкіметтен 3 миллиард доллар өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Елдің ең ірі банктерінің бірі – БТА-ның төрағасы Әнуар Сәйденовтың мәлімдеуінше, әлгі қаржы көлеміне қатысты келіссөздер жүріп жатыр.

Ақпан айында үкімет қаржы дағдарысымен күрес мақсатында БТА банкін өз бақылауына алған болатын. Банк акционерлерінің айтуынша, бұл қадам компанияның шығынға батуына алып келген.
XS
SM
MD
LG