Accessibility links

Арменияда ақпарат агенттігінің редакторына шабуыл жасалды


Ереванда Armenia Today ақпарат агенттігінің бас редакторы соққыға жығылды. Азаттық радиосы армян қызметінің хабарлауынша, Аргишти Кивирян ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оның жұбайы бейсенбі күнгі шабуылға байланысты пікір білдіруден бас тартты. Армения ресмилері де бұл оқиғаға қатысты үн қатпады.

Кивирянның әріптестері болса бұл шабуылды оның кәсіби әрекеттерімен байланыстырып отыр.
XS
SM
MD
LG