Accessibility links

Тәжікстан сырттан келетін қаржыдан біраз қағылмақшы


Халықаралық қаржы қорының Мәскеуде жариялаған мәлімдемесіне қарағанда, шетелдерде жұмыс істеуші тәжік азаматтарының табысы биыл 30 пайызға азаймақшы. Ғаламдық экономикалық дағдарыстың мұндай кері әсерін елдің өз ішіндегі қатаң да икемсіз экономикалық саясаты күшейте түсуде. Елде энергия көздерінің аздығы мен нарыққа мемлекеттің жол бермеуі Тәжікстан болашағын қауіп астында қалдыруда. Осылай дей келіп, ХҚҚ Тәжікстанды ауылшаруашылығы мен мемлекеттік компанияларында реформалар жасауға шақырып отыр.


XS
SM
MD
LG