АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Құрама Штаттар Латын Америка аймағына Қытай мен Иранның арта түскен ықпалына қарсы тұруы керек деп мәлімдеді.
Бұл туралы Вашингтонда мәлімдеген Клинтон ханым Барак Обама әкімшілігі бұрынғы басшылықтың саясатын қайта қарауға дайын деді.
Буш әкімшілігі өзінің Орталық және Оңтүстік Америкадағы саясатына қарсы келген Венесуэла президенті Уго Чавес сияқты жетекшілерді оқшауландырып тастаған деді Хиллари Клинтон. Оның сөзіне қарағанда, Венесуэла өткен жылы қайтарып алған елшілерін АҚШ-қа жіберу жағын қарастырып жатыр.