Accessibility links

Ауғанның аймақ басшысы президенттікке түспейтінін айтты


Ауғанстанның ықпалды аймақ басшысы алдағы президенттік сайлауға түспейтін болды. Жұма күні Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездескен Нангарар провинциясының басшысы Гул Аға Шерзай осыған дейін өзінің президенттікке түсу ниетін білдірген болатын. Бүгінгі мәлімдемесінде Шерзай ол ойынан бас тартқанын айтты. Шерзай сонымен қатар бүгін провинция басшысы ретінде қызметінен кету жөнінде арыз қалдырған, бірақ оны президент Қарзай қабылдамады.
Шерзайдың тамыздың 20-да өтетін президенттік сайлауда Хамид Қарзайға бәсекелес болмау шешімі, Қарзайдың бұл орынға қайта сайлану мүмкіндігін күшейтіп отыр.
XS
SM
MD
LG