Accessibility links

Ирақ күрдтері шекарадағы шабуылға Иранды айыптады


Бүгін Ирақтың Күрдтер аймағының үкіметі Ирақ ішіндегі иран жікшілдеріне қарсы делінген Иранның әуе операциясын айыптады. Ирандық тікұшақтар сенбі күні шекараға жақын ирақ жеріндегі үш бірдей күрд елдімекенін атқылаған.
Хабарларға қарағанда, бомбалық шабуылдар Ирақтың солтүстігіндегі таулардағы базаларынан Иранға шабуылдап келген Күрдістанның азат өмір үшін партиясын және ирандық күрд жікшіл топтарын нысанаға алған.
Күрд үкіметі сонымен қатар күрд сепаратистерін де Түркия мен Ирнға қарсы шабуылдарын тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG