Accessibility links

Иран президенттігінен үміткер Ахмединежадты сынады


Бүгін Иранның президенттіктен үміткері, консервативті кадидат Мохсен Резай президент Махмуд Ахмединежадты қатты сынап отыр. Ол Ахмединежад Иранды шыңыраудың шегіне әкелді деп айыптады.
Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтқан Резай Иранның ядролық бағдарламасы туралы мәселеде президент Ахмединежадтың тілі “авантюристік” деді. Ол сыртқы саясатта бейқам немесе тым жанкешті болмау керек дегенді қолдайтынын айта келе, бірақ Батыс пен Құрама Штаттарға Иран қажет деп сенетінін білдірді.
Теһран елдің мүддесі үшін жұмыс істеуі керек деген Резай, алдағы 12-ші маусымда өтетін президенттік сайлау қарсаңындағы насихат жұмыстары үшін ақшаны босқа шашып жатыр деп Ахмединежадты өткір сынға алды.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG