Accessibility links

Дүниежүзілік банк Қазақстан автожолдарына 2,125 млрд доллар бөлмек


Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі Батыс Еуропа –Батыс Қытай автомобиль транзиттік дәлізі құрылысын жүзеге асыратын «Оңтүстік –Батыс» жобасын мақұлдады.

Дүниежүзілік банк сайтының мәліметінше, аталмыш банк Шымкент пен Ақтөбе және Қызылорда облыстарымен шекаралас ұзындығы 1062 шақырым жол аумағындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын қаржыландырады делінген.

Жобаның қаржылық құны 2,5 млрд долларды құрайды. Дүниежүзілік банк оның 2,125 млрд долларын бөлсе, қалған 375 млн долларды ҚР қаржы министрлігі бермек. Қарыздың мерзімі 25 жыл. ҚР транспорт және коммуникация министрлігі жобаға жауапты ведомство ретінде белгіленді.
XS
SM
MD
LG