Accessibility links

Қарзай сайлауға үміткер болып тіркелді


Ауған президенті Хамид Қарзай тамыз айындағы президент сайлауына ресми түрде үміткер болып тіркелді. 2001 жылы Талибан биліктен құлатылғалы бері Ауғанстанды басқарып келген Қарзай 2004 жылғы елдің алғашқы демократиялық сайлауында жеңіске жеткен болатын.

Тамыздың 20-дағы сайлауға кандидат болып тіркелу үшін әлі бір апта уақыт бар. Бірқатар саясаткерлер мен жетекшілер сайлауға үміткер ретінде түсуге қызығушылық танытты.
XS
SM
MD
LG