Ауғанстанның батысындағы Херат өлкесінен келіп түскен хабарға қарағанда, Италия күштері жолаушы көлікке оқ атып, бір баланы өлтірген және кемінде 2 қарапайым адамды жаралаған. Ауғанстандағы Италия әскерилерінің баспасөз хатшысының айтуынша, әлгі қыз жоғары жылдамдықпен келе жатқан көліктің ішінде болған.
Сонымен қатар елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орын алған бомба жарылысынан 4 адам қаза тапты, олардың екеуі – сәбилер деп хабарланып отыр.
Сонымен қатар елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орын алған бомба жарылысынан 4 адам қаза тапты, олардың екеуі – сәбилер деп хабарланып отыр.