Accessibility links

Ирақ: АҚШ күштері елден өз уақытында шығарылады


Соңғы апталарда көбейген зорлық-зомбылық әрекеттеріне байланысты алаңдаушылықтарға қарамастан Ирақ үкіметі АҚШ күштерінің қалалардан шығарылуына қатысты мерзімді созбайтынын хабарлап отыр. Үкімет баспасөз хатшысы Али әл-Даббағтың мәлімдеуінше, АҚШ әскерилері қалалардан маусымның 30-да шығарылмақ. Жалпы АҚШ күштері Ирақтан 2011 жылдың аяғына дейін толығымен шығарылады деп жоспарланған. Бұған да Ирақ үкіметі қарсы емес деп мәлімдеді әл-Даббағ.
XS
SM
MD
LG