Грузия оппозициясы ел астанасы Тбилисиге баратын үлкен жолдарды бөгеп қоймақшы. Бір айға жалғасқан шерулерде наразылық танытушылар президент Михаил Саакашвилидің қызметінен кетуін талап етуде. Оппозиция Саакашвилиді демократиядан алшақтады деп айыптауда. Сондай-ақ шерішулер президентті өткен жылы Ресеймен арадағы орын алған соғысқа байланысты сынап отыр.