Accessibility links

Грузия бір қарулы бүліктің алдын алғандарын айтуда


Қорғаныс министрі Давид Сихарулидзенің сөзіне қарағанда, бүлікшілер Тбилисиге жақын жердегі Мухровани базасынан жолға шыққан кезінде тоқтатылған. Ол бүлік сәрсенбіге, яғни НАТО жаттығуларының басталатын кезіне тұспа-тұс жоспарланған екен деді Сихарулидзе. Бүлікшіл әрекет елде НАТО-ның көмегімен болатын жаттығуларға кедергі жасауға бағытталған екен. Грузия İшкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, осыған орай бірнеше адам тұтқындалған. Министрлік бұдан бұрынғы хабарында жоғары шенді бірнеше офицер тұтқындалған деген еді. Ресми Тбилиси осы іске араласы бар деп Ресейді айыптауда. Ресейдің НАТО-дағы өкілі Дмитрий Рогозин ол іске Ресейдің қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды. НАТО бір айға созылатын жаттығуларын осы аптада бастауы тиіс. Грузияда аталған жаттығулардың өткізілуі Ресейдің ашу-ызасын келтіруде.
XS
SM
MD
LG