Accessibility links

Ресей Сыртқы істер министрі Ресей-НАТО кездесуіне бармайды дейді хабарлар


Сергей Лавровтың сапардан бас тартуы жөнінде Ресейдің НАТО-дағы елшісі Дмитрий Рогозин мәлімдеген екен. Мамырдың 19-на белгіленген ол кездесу, өткен тамыздағы Ресей-Грузия қақтығысынан кейінгі, тараптар арасындағы алғашқы, жоғарғы деңгейдегі жүздесу болуы тиіс еді. Лавровтың бұл қадамы НАТО-дан ресейлік қос дипломаттың шығарылып жіберілгенінен кейін жасалып отыр.

Оның алдында НАТО құпиясы эстониялық жансыз арқылы Ресейге өткен деген болжамдар айтылған еді.

Ал, Ресей болса, НАТО-ның Грузияда жоспарланған жаттығулары тоқтатылсын немесе кейінге қалдырылсын деген болатын. Ол жаттығуларды Ресей «миға симайтын және арандатушылық сипатта» деп бағалаған еді.
XS
SM
MD
LG