БҰҰ-ның азаптау мен басқа да қатыгез жазалаулар бойынша арнайы баяндаушысы Манфред Новак мамырдың 5-і мен 14-і аралығында Қазақстанға барады. Оның бұл сапары ресми Астананың шақыруымен болайын деп отыр.
Алғашқы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанға сапарында Манфред Новак үкімет мүшелерімен, адам құқықтары жөніндегі институт өкілдерімен, азаматтық қоғам белсенділері және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесетін болады.
Ол сонымен қатар бостандығынан айрылған адамдар отырған қамау орындарын да араламақшы.
Қазақстандағы сапарынан жинаған мәліметтер негізінде Манфред Новак БҰҰ-ның адам құқықтары кеңесіне есеп береді.