Accessibility links

Ауғанстандағы әуешабуылдың құрбаны 100-ден асады


Халықаралық Қызыл крест ұйымының хабарлауынша, Ауғанстанның батысында соңғы екі күнде болған әуешабуылдарынан ішінде балалар мен әйелдер бар ондаған адам қаза болды. Аймақтағы полиция басшысы Абдул Ғафар Ватандар алғашқы деректерге қарағанда шабуылдан 100-ден аса бейбіт тұрғын өлгенін айтып отыр.
Қызыл крестің Кабулдағы өкілінің айтуынша, бұл аймаққа барған топ қызметкерлері қираған үйлер мен бірнеше ондаған адамның мәйітін көрген. Ресмилер құрбан болғандар саны өсуі мүмкін деп отыр.
Оның алдында Құрама Штаттар бұл Фарах провинциясындағы әуешабуылдарынан бейбіт халықтың қаза тапқан оқиғасын зерттеп-тергейтінін айтқан. Қарапайым халықтың өлімі Ауғанстан мен АҚЩШ арасындағы келіспеушілікті ұлғайтып келеді.
XS
SM
MD
LG