Accessibility links

АҚШ ядролық қару таратпау келісіміне қосылуға шақырды


АҚШ-тың БҰҰ-дағы қару бақылауы бойынша мәмілегері Үндістан, Израиль, Пәкістан және Солтүстік Кореяны ядролық қару таратпау келісіміне қосылуға шақырып отыр.
Мемлекеттік хатшының көмекшісі Роуз Готтемюллер Құрама Штаттар ядролық қару таратпау келісімінің негіздерін ұстанып қала береді деді.
Роуз Готтемюллер бұл туралы Нью-Йоркте 2010 жылы мамырда өтетін ядролық қару таратпау келісімі конференциясына дайындық жиынында айтты.
Ондай конференция 2005 жылы қатысушы елдердің бір ымыраға келе алмауымен аяқталған.
XS
SM
MD
LG