Accessibility links

Алматылықтар Тәуелсіздік Монументіне гүл шоқтарын қоймақ


Бүгін Алматыдағы Республика алаңында орналасқан Тәуелсіздік Монументіне Отан қорғаушылар күніне орай гүл шоқтары қойылады. Бұл рәсімге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, қала құрылымдарының басшылары, Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының ардагерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері қатысады, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.

1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. «Отан қорғаушылар күнінде» мемлекет басшысы — Бас қолбасшы әскери шендер беру мен ерекше көзге түскен әскерилерді марапаттау туралы Жарлық шығарады.

Қазақстанда Қарулы күштерінің қорғанысы үш бөліктен тұрады: жаяу әскерлердің бас штабы, әуе қорғанысы және әскери – теңіз күші басқармасы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG