Accessibility links

Ауғанстанда жанкештілік шабуылдан 11 адам қаза тапты


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясында жанкештілік шабуыл болып, 11 адамның өмірін қиды. Полицияның хабарлауынша, тағы 15 шақты адам жараланған.
Франциялық ақпарат агенттігіне аудандық полиция басшысы Абдул Разеқтің айтуынша, шабуыл халықаралық бітімгершілік күштер мен ауған қауіпсіздік күштерінің көлік керуеніне жақын жерде орын алды.
Басқа мәліметтер әзірге анықталған жоқ.
XS
SM
MD
LG